Бұған дейін Көшербаев ШҚО әкімі қызметін атқарып келді.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Көшербаев ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген Ақорда таратқан мәліметте.
Бұған дейін Көшербаев ШҚО әкімі қызметін атқарып келді. Ал премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарып келген Тамара Дүйсенова президент көмекшісі болып тағайындалды.
Ермек Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматы қаласында туған.
C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.