Зеленский Түркияда, Лавров Саудияда, Францияда Макрон: Украина соғысы қалай шешілгелі жатыр

Nur-Altay Umirzak

Ресей мен Украина соғысы көктемде аяқталады деп болжануда

Сурет: коллаж/ Reuters

Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтотату туралы шешім үш жақта талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы “Reuters” агенттігі мәлімдеп отыр.

Зеленский Түркияда

Владимир Зеленский түркиялық әріптесі Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесу үшін Анкараға ресми сапармен барды. Зеленскийді Ердоған шақырған. Бұл туралы «Рейтер» және «Ассошиейтид Пресс» агенттіктері хабарлады. Тараптар келіссөздер барысында екі жақты стратегиялық ынтымақтастықты дамыту және әрі қарай нығайту мәселелерін талқылайды деп жоспарланған.

Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Сауд Арабиясында кездесіп жатыр

Ал Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Сауд Арабиясының астанасында жолығып жатыр. Осының алдында Ақ үй басшысы Дональд Трамп Владимир Путинмен Эр-Риядта кездесуіміз мүмкін деп мәлімдеген болатын. Зеленский ол жиынға қатысудан бас тартқан.

Парижде Эммануэль Макрон Еуропа елдері басшыларының басын қосты

Еуропа одағының бірқатар елі мен институты жетекшілері, сондай-ақ НАТО-ның бас хатшысы 17 ақпанда Парижде Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтататын, соның ішінде Украинаға қауіпсіздік кепілін беретін бейбіт келісімге Еуропа елдерінің қатысу мүмкіндігі жайын талқылады.Париждегі кездесу Франция президенті Эммануэль Макронның бастамасымен ұйымдастырылған болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің кейінгі кездегі мәлімдемелері мен әрекеті Еуроодақтың бірқатар елінде алаң туғызған.

Кездесуге Франция, Германия, Италия, Испания, Ұлыбритания, Польша, Дания және Нидерланд жетекшілері, сондай-ақ Еурокомиссия мен Еурокеңес басшылары және НАТО-ның бас хатшысы қатысты.

Париждегі кездесу бірнеше сағатқа созылғанымен, ешқандай бірлескен шешім не мәлімдеме жасалған жоқ. 

Алайда, Еуропа елдері жетекшілерінің бәрі Украинаны Ресей агрессиясына тойтарыс беруде қолдауды жалғастыру керек деп отыр.