Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште болған қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бекітілген талаптардың өрескел бұзылған фактілері бар. Нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен жабдықталу деңгейі өте төмен.
Компаниялар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға тиісті мөлшерде инвестиция салмайды. Мұның барлығы техногенді апаттарға, жұмысшылардың қаза табуы мен жарақат алуына әкеп соқтырады.
Президент қатерлі өндіріс орындарында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Үкіметке төмендегідей шаралар қабылдауды тапсырды:
Мемлекет басшысының бұл тапсырмаларын Президент әкімшілігі ерекше бақылауда ұстайды.