Оның үйіне тінту жүргізілдІ
Жақында ғана Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы болған журналист Мөлдір Нұрманды полиция ұстаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның үйіне тінту жүргізілді. Бұл туралы редакцияға сенімді ақпарат көздерінен мәлім болды.
Осыған байланысты Qaz365.kz редакциясы Шымкент қалалық полиция басқармасына ресми сауал жолдады. Үш сағат өтті, бірақ полицейлер бұл мәселе бойынша әлі ақпарат берген жоқ.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистің ұсталғаны және оның үйіне тінту жүргізілгені туралы ақпаратты әзірге растап немесе жоққа шығармады.
Осыдан екі күн бұрын Мөлдір Нұрман әлеуметтік желіде тікелей эфирде сөз сөйлеп, елдегі әлеуметтік мәселелерді көтергені белгілі болған.