Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Екатерина Смолякова Мәжіліс депутаты атануы мүмкін – дереккөз

Qaz365.kz редакциясы

Қазақ тілін жетік меңгерген

Фото: kbtu.edu.kz

Екатерина Смолякова  Мәжілістегі Руслан Берденовтің орнын алмастырады, дейді Qaz365.kz редакциясына хабарлаған сенімді дереккөз. 

Ол Respublica партиясының мүшесі.

Білімі:

2009 жыл: І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдады.

2012 жыл: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институтын 6М012100 – «Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ емес мектептерінде» мамандығы бойынша бітіріп, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Ғылыми-зерттеу қызметі:

2015 жылы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай өткен Этнофестиваль аясындағы «Абай оқулары» қалалық байқауының жүлдегері.

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық байқауының жүлдегері.

5 оқулық пен оқу құралдарының, 4 ғылыми мақаланың авторы.

Оқытатын пәндері:
    •    Жалпы қазақ тілі
    •    Академиялық қазақ тілі