АҚШ Украинаға қосымша қауіпсіздік кепілдігін бермейтінін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Тиісті жауапкершілікті Еуропа елдері өз мойнына алуы тиіс

Фото: Shannon Stapleton / Reuters

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақ үй басшысы Украинаға қосымша қауіпсіздік кепілін беру мәселесін Еуропа елдері өз мойнына алуы тиіс деген пікірде.

"Мен қауіпсіздікке қатысты қандай да бір қосымша кепілдіктер бермеймін. Мұны Еуропа жасауы тиіс. Себебі, Еуропа – олардың жақын көршісі. Біз барлығы жақсы екеніне көз жеткізуіміз қажет. Сондай-ақ, біз Украинамен сирек кездесетін металдар бойынша ынтымақтастық орнатамыз. Бізге сирек металдар өте қажет", - деді Трамп.

Сөзінше, бұл келісім арқылы АҚШ пайдаға кенеледі. 

"Біз жұмсаған ақшамызды қайтарып аламыз және бұл мәселені реттей аламыз деген ойдамын", - деді АҚШ президенті.

Айта кету керек, осыған дейін Украина АҚШ-пен минералды ресурстар жөніндегі келісімге қол қоюға дайын екенін жазғанбыз.