Министр Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды

Nur-Altay Umirzak

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Сурет: gov.kz

 Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды,деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“ҚР Президенті жарлығымен Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.
 

 Қанат Шарлапаев – 1981 жылы дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған.

2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің Қаржы департаментінде, Жобаларды басқару департаментінде, Операциялық-технологиялық департаментінде, "Сити" инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді.

2022 жылдан бастап — "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.