Құлыбаевтар отбасы өртенген ҚБТУ университетін бақылауды тоқтатты

Qaz365.kz редакциясы
Atameken.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қызы Динара Құлыбаева Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) бақылауын тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған.

Акционерлердің құрамы туралы және эмитенттің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлердің құрамында өзгеріс бар. «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС, – делінген хабарламада. 

Құжатқа сәйкес, өзгеріс 27 ақпанда болған.

Ал «Нұрсұлтан Назарбаев білім қорына» Динара Құлыбаева, Галина Самарская және Асқар Нұрпейісов иелік етеді.

Айта кетейік, ҚБТУ ғимараты — Алматы қаласындағы Астана алаңында орналасқан ғимарат. 1957 жылы салынған қаладағы тарихи және көрнекті ғимараттардың бірі.

2024 жылдың ақпанында pro.tenge порталы университетті сату келісімшарты бойынша ҚБТУ-ды екі жыл бойы (2020 жылдың соңына дейін) сатуға болмайтынын хабарлады. Бірақ бұл мерзім аяқталған соң, оның ішінде Құлыбаева да бар меншік иелері университетті сатуға толық құқылы айтылған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Қазақстан-британ техникалық университетінде өрт шығып, Төле би көшесі жартылай жабылғаны туралы хабарлаған едік.