Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады

Nur-Altay Umirzak

Орталық БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елінің бірлескен авторлығымен ашылмақ

Сурет: gov.kz

Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

“Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады.Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі. Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктес мемлекеттерге ризашылық білдірді”, – деп жазды ол Facebook- тегі парақшасында.

Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналғалы отыр.