«Орыс болғаным үшін ғана көп сын айтылып жатыр» деген депутат Шаталов ойын өзгертті

Qaz365.kz редакциясы

Никита Шаталов «параграф» сайтында өзінің өмірбаяны қателікпен жазылып кеткеніне (ҚазССР-да туған деп жазылған) өзінің қатысы жоғын айтып отыр.

Фото: Facebook / Никита Шаталов

Күні кеше Мәжілістің кулуарында тілшілерге «Этникалық орыс болғаным үшін әлеуметтік желіде буллингке ұшырадым» деген Никита Шаталов бүгін бұл ойын өзгертті, деп хабарлайды   Qaz365.kz.

Бәріміз қазақпыз ғой! Мен туралы жазылғандардың бәріне жауап ретінде мен бір нәрсені айтқым келеді: мен орыстан гөрі қазаққа жақынмын. Бұл менің басты болмысым. Осы уақыт ішінде мені ватник, шетелдік агент және Кремельдің өкілі деп атады. Бұл жерде ешқандай шындық жоқ, - дейді депутат.

Никита Шаталов «параграф» сайтында өзінің өмірбаяны қателікпен жазылып кеткеніне (ҚазССР-да туған деп жазылған) өзінің қатысы жоғын айтып отыр.

Соңғы кездері айналамда неше түрлі тұспалдау жасайтындар көбейді. Біреуі өмірбаянымда туған жерім деп Қазақ КСР-ін арнайы көрсеткенімді жатқызады, кейде ресейлік БАҚ менің сөздерімді контекстен шығарып, мен ойлағанымнан әдейі басқа мағына береді. Менің соңғы мәлімдемемді әр түрлі мағынада түсінуге болатынын мойындаймын, бұл менің қателігім, - дейді ол.

Депутат желіде тарап жатқан ақпараттардың ешқайсы шындыққа жанаспайды деп отыр. Есесіне, ақпараттық шабуыл жасалып жатқанына сенімді. Шаталов мұны жай қалдырмаймын дейді.

Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келгенімді жолым болды деп санаймын. Ол кезде КСРО болған жоқ. Осында өстім, үйлендім, балалы болдым. Менің басқа отаным жоқ. «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ!». Сондықтан енді мұндай қателікті қайталаймын, - дейді ол.

Бұған дейін Никита Шаталов әлеуметтік желідегі парақшасында геосаяси тақырыпта жазба қалдырып, сол үшін сынға қалған еді. Оны ресейшіл деп айыптағандар болды.