Қазақстанда уақыт белдеуі өзгремейтін болды

Qaz365.kz редакциясы

Өйткені Үкіметтің позициясы әлсіз

Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жақында Qazaq airan» арнасына берген сұхбатында наурыз айында уақыт белдеуінің ауысатына сенімді болған. Бірақ бүгін Үкіметтің шешімі басқаша болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүргізуші Шығыс Қазақстаннан шыққан бірнеше депутат уақыт белдеуінің ауысуына қарсы шыққанымен, ештеңе өнбегенін еске салған. Алайда Ринат Зайытов мұнымен келіспеді.
Наурыз айында ауысады. Уақыт белдеуі бойынша фракцияда біраз дау болды. Мәжіліс төрағасы: «жігіттер, бір жыл деген әңгіме жоқ. Наурызда айында бір отырыс жасаймыз, не бүк, не шік болады» деп айтты. Әзірге сендердікі дәлелсіз деді. Уақыт өзгереді. Өйткені Үкіметтің позициясы әлсіз. Уақыт белдеуінің ауысқанының не пайдасы тиді? Олар өздерінің дұрыс екенін дәлелдей алмайды, - дейді депутат. 

Бірақ бүгін Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мониторинг қорытындысы баяндады. Одан ұққанымыз, уақыт белдеуі осы күйінде қалады. 

Нақты деректерге негізделген нәтижелер уақыт белдеуінің өзгеруі халық өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері боллмағанын айқындайды. Сонымен қатар өңірлерде талқылау барысында мәлихаттар жұмыс кестесін ауыстыру арқылы жұмыс уақытын оңтайландыру туралы бастаманы қолдады, - дейді министр.