Тоқаев Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Qaz365.kz редакциясы

Мемлекет басшысының өкімі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен:

  • Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
  • Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
  • Сондай-ақ Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.