Ресейліктер 25 млн долларға Қазақстанның солтүстігіндегі кен орындарын сатып алады

Qaz365.kz редакциясы

Акциялардың 51% сатып алу шамамен 2025 жылдың шілде-қыркүйек айларында аяқталады.

Solidcore компаниясының баспасөз қызметі

Solidcore Resources Қазақстанның солтүстігіндегі Тоқтар, Оңтүстік Тоқтар және Барамбай кен орындарын сатып алмақшы, деп хабарлайды Solidcore сайтына сілтеме жасап Qaz365.kz.

Бірінші кезеңде компания жобаның 51 пайыздық үлесін 25 миллион долларға сатып алуды көздеп отыр. Тоқтар мен Оңтүстік Тоқтардағы қорға барлау жүргізілгеннен кейін тағы 23%-ын қосып алады. Барамбай аумағындағы қорға тексеріс жүргізген соң, тағы 26%-ын иеленеді. Кен орындарын сатушылар қайта өңделген кен көлеміне негізделген қосымша сыйақы беріледі.

Акциялардың 51% сатып алу шамамен 2025 жылдың шілде-қыркүйек айларында аяқталады.

Жоспарға сәйкес, Тоқтар және Оңтүстік Тоқтар бойынша қорларды бағалау 2027 жылдың соңына дейін, ал Барамбай бойынша 2028 жылдың соңына дейін аяқталуы керек. Кен орындарынан шығарылған алтын Варваринск флотациялық фабрикасында өңделеді, кейін Ертіс гидрометаллургиялық комбинатында (ЕГМК) қосымша өңдеуден өтеді.

Тоқтар Қостанай облысында орналасқан, оның кен өндіру ауданы 7,5 км2.

Solidcore Resources - 1998 жылы құрылған ресейлік тау-кен компаниясы.