Президент қатысады: 14 наурызда Ұлттық құрылтай өтеді

Nur-Altay Umirzak

Өткен 2024 жылы Ұлттық құрылтай – Атырауда өткен болатын

Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ресми Ақорда мәлімдеді.

“Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады”, – делінген ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

  • 2022 жылы – Ұлытауда;
  • 2023 жылы – Түркістанда;
  • 2024 жылы – Атырауда өткен болатын.