Ақтау әкімінің орынбасары бір күн жұмыс істеп, қызметінен кетіп қалған

Qaz365.kz редакциясы

Ол еңбек жолын 2002 жылы бастаған

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 Әсет Шопанов наурыздың үші күні Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Алайда шенеунік келесі күні-ақ жұмыстан шығып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әсет Шопанов 4 наурыз күні қызметінен өз еркімен кеткен.

Әсет Шопанов Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған, 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018 – 2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2020 – 2022 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2022 – 2024 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды.

Айта кетейік, наурыздың басында Әсет Шопанов Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды.