Әрбір қазақстандық сол кезеңнің бірегей архивтік деректеріне қол жеткізе алады
Мәдениет және ақпарат министрі Үкімет отырысында Аида Балаева креативті индустрияны цифрландыруға арналған Үкімет отырысында «е-Кино» ілкі жобасының алғашқы нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, Ұлы Отан соғысының 80 жылдығын атап өту аясында министрлік жауынгерлеріміз бен тыл еңбеккерлерінің ерлігін мәңгі есте қалдыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Батырларға тағзым» ақпараттық порталы жұмыс істейді, онда Ұлы Отан соғысының 100 мыңнан астам қатысушысы туралы мәліметтер орналастырылған. 9 мамырға арнайы жаңартылған «Батырларға тағзым» порталы іске қосылады. Қазақстанның архивтік қорларында сақталған барлық мәліметті біріктіру мақсатында бұл портал «е-Архив» жүйесімен интеграцияланады. Осылайша, әрбір қазақстандық сол кезеңнің бірегей архивтік деректеріне қол жеткізе алады, – дейді министр.