Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының өтетін күні белгілі болды

Nur-Altay Umirzak

Ұйымның кезекті XXХІV сессиясы Президент өкімімен белгіленген

Сурет: z-taraz.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының өтетін күні белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Президент өкімімен ҚХА кезекті сессиясы шақырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІV сессиясын шақырды. Cессия 2025 жылғы 23-24 сәуір күндері Астана қаласында өтеді”, – делінген хабарламада.