Еурокомиссия мен Қазақстан арасында виза беруді жеңілдету келісімі басталды

Nur-Altay Umirzak

Кездесуде «Орталық Азия – Еуропа Одағы» форматындағы ықпалдастықтың жай-күйі қаралды

Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қазақстан – Еуропа Одағымен серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы елдердің бірі. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекіту үдерісі басталғанын мәлімдей аламын”, – деді Кая Каллас.

Президент қазақстандықтар аталған жаңалықты өте жылы қабылдағанын атап өтіп, бұл қадам еуропалық елдермен жеке және іскерлік қатынастарды нығайтуға мол мүмкіндік беретінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кая Каллас халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

“Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарына, атап айтқанда, энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуды көздейтін ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Қазақстандықтар аталған жаңалықты өте жылы қабылдап, бұл қадам еуропалық елдермен жеке және іскерлік қатынастарды нығайтуға мол мүмкіндік береді”, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесуде «Орталық Азия – Еуропа Одағы» форматындағы ықпалдастықтың жай-күйі қаралды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кая Каллас халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасты.