Ертең Алматыда Тоқаев пен Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Президенттердің бейресми кездесуі

Фото: Ақорда

29 наурыз күні Алматыда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақорда мәліметінше, президенттер келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.