Тиісті жарлыққа президент қол қойды
Бұрынғы Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
«Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, Азамат Есқараев екі жыл бойы Әділет министрлігін басқарған. Осы жылдың басында Есқараевтың орнына әділет министрі болып Ерлан Сәрсембаев тағайындалды.