Бүгін Президент жарлығымен мемлекеттік наградалар табысталды

Nur-Altay Umirzak

Бұйрыққа сәйкес "Парасат", "Құрмет" ордендері табысталды

Сурет: Aкorda.kz

ҚР Президентінің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды”, – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, 4 ғалым «Парасат», 15 адам «Құрмет» орденіне ие болды. Бұдан бөлек, 6 маманға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілсе, тағы 2 ғалымға «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы табыс етілді.

«Парасат» орденімен: 

  • Есімбекова Минура Ахметқызы – Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертханасының меңгерушісі
  • Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ионосфера институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері
  • Қошқаров Серікбай – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ профессоры
  • Яшков Владимир Александрович – Ғылым және жоғары білім министрлігі «С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры;

«Құрмет» орденімен: 

  • Әділханов Тасболат Алпысбесұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС бас консультанты
  • Баймұқанов Мирғали Төлеуғалиұлы – «Гидробиология және экология институты» мекемесінің директоры
  • Біләлов Дархан Нұрланұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Витковская Ирина Сергеевна – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ жетекші ғылыми қызметкері
  • Демченко Георгий Анатольевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Генетика және физиология институты» РМК зертханасының меңгерушісі
  • Ершебұлов Зәкір Жаппарұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «OtarBioPharm» ЖШС директоры
  • Кәкімжанова Алмагүл Әпсаламқызы – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС зертханасының меңгерушісі
  • Крупа Елена Григорьевна – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Зоология институты» РМК бас ғылыми қызметкері
  • Күзембайұлы Аманжол – Ғылым және жоғары білім министрлігі «А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ профессоры
  • Қалтаев Айдархан – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Серікқанов Абай Серікқанұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының вице-президенті
  • Сқақов Мажын Қанапиұлы – Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» РМК бас ғылыми қызметкері
  • Сұраған Дүрбітхан – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі 
  • Тоқбергенов Исмайыл Тасанбиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының бас ғалым хатшысы
  • Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

  • Ахажанова Индира Әлібайқызы – Денсаулық сақтау министрлігі  «OtarBioPharm» ЖШС кіші ғылыми қызметкері
  • Еспембетов Болат Аманбайұлы – Денсаулық сақтау министрлігі  «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертханасының меңгерушісі
  • Қабылдин Қосман Маратұлы – Денсаулық сақтау министрлігі  «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС хлорлау станциясының операторы
  • Қондыбаева Аида Мұратқызы – Денсаулық сақтау министрлігі «С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ PhD докторы 
  • Сәрсенбекұлы Бауыржан – «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ қауымдастырылған профессоры
  • Шустов Александр Вячеславович – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС зертханасының меңгерушісі;

«Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілсін

  • Бакенов Жұмабай Бекболатұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Жұмабаев Бейбіт Тенелұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ионосфера институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілген.