Қызылордалық үміткерлер экспромт кездесу өткізді

Qaz365.kz редакциясы

Жиында әлеуметтік мәселелер, жастарды қолдау, бизнесті дамыту жайы айтылды

«AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Айтбек» сауда үйінде экспромт-кездесу өткізіп, сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиында әлеуметтік мәселелер, жастарды қолдау, бизнесті дамыту жайы айтылды. Кандидат Мұрат Жұмаділдаев «осындай көпшілік орындар –халықтың талап-тілегін, ұсыныс-пікірін білу үшін өте қолайлы. Облыс тұрғындарын қымбатшылық, жалақы мен зейнетақының аз мөлшері сынды мәселелер мазалайды. Біз солардың ұсыныс-тілектерін жазып алдық. Алдағы уақытта сол мәселелердің шешімін табу бойынша жұмыстар істейміз»,-деді.

Ал үміткер Ержан Ескендір «егде жастағы, зейнет жасына таяған және зейнеттегі азаматтардың еңбегі сұранысқа ие болуы керек. Зейнеткерлер лайықты зейнетақы алуға, жақсы тамақтануға, сапалы және қолжетімді ем алуға, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндігі болуы тиіс. Әр азамат мемлекет қамқорылығын сезінуі қажет»,-деді.

Сонымен қатар, кездесуде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қоғамда қордаланып жатқан мәселелерді шешудің нақты жолы, жоспары айқын көрсетілгені және де ауылда тұратын ағайын үшін мал жайылым көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін субсидияны алудың ашықтығы, шаруаларға арналған мемлекеттік қолдауларды көбейту жайы – партияның басты ұстанымдарының бірі екендігі айтылды.

Жиын соңында үміткерлер сайлаушылармен «AMANAT» партиясының трансформациясы, үміткердің мүмкіндігі, әділетті сайлау, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жайлы пікір алмасып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды. 

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді