2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді. Cайлау учаскесінің мекен-жайын анықтаудың үш жолы бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.
- Біріншіден, Сіз сайлау учаскелерін "ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу" ақпараттық сервисі арқылы, сондай-ақ байланыс операторларының смс-тарату арқылы келіп түскен call-center қысқа нөмірі арқылы біле аласыз.
- Екіншіден, сіз бұл ақпаратты учаскелік сайлау комиссиясынан тұрғылықты мекен-жайыңызды айту арқылы біле аласыз.
- Үшіншіден, Сіз Kaspi.kz және Halyk қосымшаларынан да біле аласыз.
Сайлау бойынша басқа да жиі қойылатын сұрақтардың жауабы gov.kz сайтында жазылған.