Қазақстанның үш елдегі Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды

Nur-Altay Umirzak

Бұл туралы Президент ресми жарлыққа қол қойды

Сурет: Akorda.kz

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен  Моңғолия, Шри-Ланка, Даниядағы Елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • “Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.