Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді марапаттады

Nur-Altay Umirzak

Қазақстанда 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады

Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Мемлекет басшысы Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді”, – делінген Ақорда хабарламасында.



Деректерге сәйкес Қазақстанда 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады.

Мемлекет басшысы:

  •  отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыру;
  •  клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды, – деді.

 Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді. 

Александер Чеферин UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгін 25 сәуір –  Қазақстандағы ең танымал спорт футболы күні аталып өтетіні туралы жазған болатынбыз.