Ұзақ жыл құпия сақталған құжатқа гвардия подполковнигі қол қойған
Ресейдің Қорғаныс министрлігі Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі — гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағы құпиясыздандырылып, көпшілікке жарияланды.
«Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, автоматымен 5 немісті атып өлтірді және бір жаралы немісті тұтқынға алды», – делінген марапаттау парағында.
Ұзақ жыл құпия сақталған құжатқа гвардия подполковнигі қол қойып, батырдың ерлігі туралы жазған. Кемел Тоқаев 1945 жылы Еглиёвец елдімекенінде түн ортасында шабуылдаған немістерді қайта шегіндіргені үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.