Рақымжан Қошқарбаев тіккен тудың көшірмесі Астанадағы парадта көрсетілді

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Ақорда

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған өткен әскери парадта  Рейхстагқа тіккен атақты қазақ жауынгері Рақымжан Қошқарбаев пен оның қарулас серігі Григорий Булатов көтерген Тудың дәл көшірмесі көрсетілді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандық сарбаздар ең қанды шайқастардың алдыңғы шебінде ерлік көрсетті. Солардың бірі – 1945 жылдың 30 сәуірінде Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс Туын алғашқылардың бірі болып тіккен Рахымжан Қошқарбаев болатын. Бұл өшпес ерлігі үшін ол «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1999 жылы 7 мамырда оған «Халық қаһарманы» атағы берілді, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.