Әзербайжан президенті Мәскеудегі парадқа қатысудан бас тартты

Nur-Altay Umirzak

Мәскеудегі парадқа 27 елдің президенті қатысады

Сурет: president.az

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Мәскеудегі парадқа қатыспайтын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков айтқан.

“Илхам Әлиев Әзербайжанның экс-президенті, әкесі Гейдар Әлиевті еске алуға арналған іс-шара болатынын айтып, парадқа қатыса алмайтынын жеткізді”, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар,Мәскеудегі парадқа барудан Лаос басшысы Тхонглун Сисулит та бас тартқан. Ол коронавирус жұқтырып алған көрінеді.Осылайша, Мәскеудегі парадқа 27 елдің президенті баратын болды. Бұған дейін 29 елдің президенті баратыны айтылған болатын.