Қазақстан Үндістан мен Пәкістанға байланысты үндеу жасады

Qaz365.kz редакциясы

БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты терең алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеді. 

Барлық мүдделі тараптарды одан әрі шиеленіске жол бермеу үшін барынша ұстамдылық көрсетуге шақырамыз. Қазақстан халықаралық және өңірлік қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайды, – делінген хабарламада.

Айта кетелік Үндістанның Пәкістанға жасаған әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 31 адамға жеткен еді.