Абай облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке кірісті

Qaz365.kz редакциясы

Ол жыл басында әкім лауазымынан босатылған.

Абай облысының әкімдігі

Абай облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке кірісті, деп хабарлайды qaz365.kz.

Енді Нұрлан Ұранхаев - премьер-министр кеңесшісі. Экс-әкім жаңа жұмысында құрылыс және өндіріс мәселелеріне жауапты болмақ.

Ұранхаев 2022 жылы құрылған Абай облысының алғашқы әкімі болды. Ал 2025 жылдың ақпанында лауазымынан босатылды.

1965 жылы 4 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.

1982-1987 жж. Қазақ политехникалық институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

1998-2001 жж. Қазақ қаржы-экономикалық институтын «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.

2004-2006 жж. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін  «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987-1990 жж.«Казпромтехмонтаж» тресінің Семей монтаждау басқармасы учаскесінің Слесарь-монтаждаушысы, шебері, прорабы болып бастаған.