Назарбаев Путинмен жолығу үшін Кремльге барды

Qaz365.kz редакциясы

Кездесуде қандай мәселе талқыланғаны туралы мәлімет жарияланбады.

Фото: Кремльдің баспасөз қызметі

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Бүгін президент Мәскеуде жүрген Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Кремльде кездесті, – деді Песков.

Кездесуде қандай мәселе талқыланғаны туралы мәлімет жарияланбады.