Дональд Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

Nur-Altay Umirzak

Бұл шешім 9 маусымда күшіне енеді

Сурет: Alex Brandon/AP

Дональд Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі мәлімдеді.

  • АҚШ-қа енді Ауғанстан, Мьянма (бұрынғы Бирма), Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен елдерінің азаматтары кіре алмайды.
  • Тағы жеті ел — Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэлаға қатысты ішінара шектеулер енгізілген.

Бұл елдердің тізімге енуіне олардың азаматтары арасында виза мерзімін бұзушылардың жиі кездесуі және полиция деректеріне жиі түсетіні себеп болған. Трамп сондай-ақ бұл «тыйым салынған» елдер тізімі алдағы уақытта кеңейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді

“Бұл шектеу 9 маусымда күшіне енеді. Ақ үй бұл шешімді Трамптың сайлауалды уәдесінің орындалуы деп бағалап, оны «елге келіп зиян келтіруі мүмкін қауіпті шетелдік тұлғалардан америкалықтарды қорғау» мақсатымен түсіндіріп отыр”, делінген агенттік ақпаратында.