Халықтың жартысынан көбі партиялар ел мүддесін қорғайды дегенге сенбейді

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік сауалнама қорытындысы жарияланды

halyq-uni.kz

Қазақстандықтардың жартысынан көбі сайлауға қатысып жатқан партиялар халық мүддесін қорғамайды деп есептейді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Masa Media-ға сілтеме жасап.

DEМOSCOPЕ қоғам пікіріне экспресс-мониторинг бюросы мен PaperLab зерттеу орталығы қазақстандықтардың «электораттық таңдауы» тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізді. 

Зерттеу қорытындысы бойынша, респонденттердің 59,6% Мәжіліс және мәслихат сайлауына баратынын, 27,7% дауыс бермейтінін айтқан. 12,7% сауалға жауап бере алмаған. 

Сауалнамаға қатысқандардың 61,2% кімге дауыс беретінін әлі шешпеген. 20,8% Аманат партиясына дауыс беретінін айтқан. 12% өзге партияларға дауыс бермек. 4,2% балама партиялардың болғанын қалайды. 2,2% «барлығына қарсы». 

Респонденттердің 49,9% оппозициялық партияларға сайлауға қатысуға мүмкіндік бермеді деп есептейді. 35,9% керсінше пікірде. 62,5% сайлауға қатысып жатқан партиялар өздерінің мүддесін қорғамайды деп есептейді. 64,1% өзін өзі ұсынғандар арасынан өздеріне ұнайтын кандидаттар жоқ деп айтқан. 

Қазақстандықтардың 37,6% Мәжіліс және мәслихат сайлауының қорытындысына сенбейді. 12,6% Орталық сайлау комиссиясының ресми қорытындысына сенеді. 84,4% сайлаудың бұрмалаусыз, әділ өткенін қалайды.