Қытай ХР басшысы Си Цзиньпин Қазақстанға тағы келе жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтеді.

Ақорда

16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтеді.

16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады, - делінген Ақорданың хабарламасында.

17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді.