Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы тағайындалды

Nur-Altay Umirzak

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бұрынғы төрағасы

Сурет: gov.kz

Бүгін президент жарлығымен Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Жандос Нұрланұлы Шаймарданов (24 ақпан 1987 жылШығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық экономист және мемлекет қайраткері. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бұрынғы төрағасы (2023—2025).

Білімі

2009 жылы «Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолы

  • Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
  • 2010-2013 – «Самұрық-Қазына» АҚ менеджері.
  • 2013-2014 – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
  • 2014-2016 – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
  • 2016-2019 – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры.
  • 2019-2020 – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы.
  • 2020-2022 – ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.
  • 2022-2023 – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.
  • 2023 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.  2025 жылғы 28 ақпанда лауазымынан босатылды.
  • 2025 жылы 14 мамырда ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.