Тоқаев Си Цзиньпинді құрметпен шығарып салды

Qaz365.kz редакциясы

 ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, әуежайдан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, — делінген хабарламада.

Кеше Астанада 5 мемлекеттің, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстанның басшылары мен Қытай Халық Республикасының Төрағасының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өткен болатын.

Форум қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінің Астана декларациясына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы мәңгі тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.