Трамп соққы жасауға келісім берген.
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Вашингтонның Иранға қарсы соққыларға араласуын мақұлдады. Бұл туралы Пулитцер сыйлығының лауреаты, америкалық журналист Сеймур Херш мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Маған Ақ үй Иранға кең ауқымды бомбалау жүргізуге келісім бергені туралы хабар жетті, – деді ол Substack платформасындағы мақаласында.
Бейсенбі күні The Wall Street Journal газеті де Трамп Иранға әскери соққы жасау жоспарын бекіткенін, алайда оны іске асыру туралы бұйрық әлі берілмегенін жазған.
Басылым дереккөздерінің айтуынша, Ақ үй басшысы Тегеран жуық арада ядролық бағдарламасынан бас тартады деп үміттеніп отыр.
Шабуыл болған жағдайда, АҚШ Фордодағы уран байыту зауытын нысанға алмақ. Бұл нысан тау ішінде орналасқан және оны ең қуатты GBU-57A бомбалары ғана жоюға қабілетті. Ал бұл бомбаларды тасымалдай алатын жалғыз ұшақ – көрінбейтін B-2 Spirit бомбалаушысы – тек АҚШ қарулы күштерінің құрамында бар.