Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысын өткізеді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады

akorda.kz

Ертең, 23 маусым күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

“Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады”, – делінген хабарламада.