«Бәрі шынайы емес»: Иранда тұратын қазақ қызы жағдайды айтып берді

Qaz365.kz редакциясы

Видео авторы Иран саясаткерлерді Израильдің ашқан соғысын Германияның стратегиясымен жасады деп отыр

Коллаж: Qaz365.kz

Израиль әскерінің Ирандағы этникалық қазақтар көп қоныстанған Гүлістан аймағын бомбалағаны туралы ақпарат тарады. Осыдан кейін сол жақта тұратын қазақ қызы Ажар Кенже әлеуметтік желіде жағдайды баяндады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Американың Иранға соққы жасағаны рас. Ядролық қару шығарады деген жерлерге 75 рет жарылатын заттар тастағаны рас. Ол жерлер қаладан тыс болғандықтан, қала ішіндегі адамдарға ешқандай зақым келмеген. Енді Дональд Трамптың айтуы бойынша, қауіп сейілді. Бұл елмен дұрыс қарым-қатынас жасай аламыз деп отыр. Ал, Иран басшылары соғыс енді басталды деп жатыр”, –  дейді ол.

Видео авторы Иран саясаткерлерді Израильдің ашқан соғысын Германияның стратегиясымен жасады деп отыр.

“Біріншіден мемлекеттің әскери лауазымды адамдардың көзін жою.Екіншіден мемлекетке аяқ астынан ескертпестен соққы беру. Ол стратегия бойынша сол соққыдан кейін мемлекет есеңгіреп қалуы және ешқандай жауап бермеу болу керек. Бірақ тактиканы бұзған Иран сол соққыларға жауап беріп жатыр. Әлі күнге дейін Израильге жарылғыш заттар атқылауда. Өз пікірім ешкім жеңілмесін, ешкім жеңсін демеймін. Соғыс болмасын. Соғысты мен еш уақытта дұрыс деп санамаймын. Бірақ Израильдің бірінші бастап жатқанын әлем көріп отыр. Израильмен Америка бұлар тек Иранмен ғана тоқтап қалады деп ойламаймын. Олар әрі қарай басқа мемлекеттерге көз тігуін жалғастырады. Көріп, естіп жатқан жаңалықтарыңыздың бәрі шынайы емес, жартысы дұрыс болса, біразы жалған. Иранда қазір жағдай қорқынышты емес. Қалаларымыз тыныш, тек таулы аймақтарда, әскери обьектілерде ғана заттар жарылған”,  – дейді ол.