Президентке қол қоюға жіберілді: Мәжіліс жаңа салық кодексіне Сенат ұсынған түзетулермен келісті

Nur-Altay Umirzak

Заңды президент қолдаса, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енбек

Фото: Aкorda.kz

Мәжіліс сенат ұсынған салық кодексіне түзетулермен келісіп, құжат президентке қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды  Qaz365.kz

2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін заң бойынша қосымша құн салығы 12%-дан 16% артып, оның межесін 40 млн теңге көлемінде бекіту қарастырылып отыр.

“Сенат cалық кодексіне 131 түзету енгізді. Оның ішінде 41 позиция бойынша кодекстің тұжырымдамалық тұстарын өзгертпейтін жаңа нормалар ұсынылды. 70 позиция бойынша мәтін, сондай-ақ өтпелі ережелер мен жекелеген нормативтік құқықтық актілерді енгізу мерзімдері нақтыланған және жетілдірілген. Ал 20 позицияда салық саласында әкімшілендіру бойынша нормалар нақтыланады”, –  деді мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев палатаның жалпы отырысында.

Ілеспе заң бойынша Сенат 35 позиция енгізген. Олар редакциялық және нақтылау сипатына ие. Мәжіліс өзгерістермен келіскен. Атап өтер болсақ, оның ішінде: 

 

  • Жаңа Салық кодексіне және салық салу мәселелері бойынша заңға;
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға;
  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға.