Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл мәселе алдын ала Сенаттың бейінді комитетінде қаралған.

Pixabay.com

Досжан Әмір мен Герман Нұрбаев Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды. Президенттің ұсынысы бойынша Сенат депутаттары оларды қызметтен босатуға дауыс берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл мәселе алдын ала Сенаттың бейінді комитетінде қаралған.

Судья зейнет жасына жетті, 36 жыл бойы бірнеше облыстық соттарға төрағалық етті. Досжан Сарманқұлұлы сот жүйесінде зор беделге ие. Ол – Қазақстан Республикасының Судьялар одағының төрағасы, – деді Қазақстанның Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов.

Оның айтуынша, тағы бір судья – Герман Нұрбаев 2025 жылғы 10 маусымда ТМД Экономикалық сотының пленумы қаулысымен ТМД Экономикалық сотының төрағасы болып сайланған.