Ол Парламент күн тәртібіне сәйкес жұмыс істеп жатқанын алға тартты.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мұндай сайлау өткізудің ешқандай негізі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ондай әңгімелер көп деп айта алмаймын – ондай ақпаратты таратып жүрген біреулер бар шығар. Парламент өзіміздің заңнамалық күн тәртібімізге сәйкес жұмыс істеп жатыр. Осы сессия аясында біз өте маңызды заңдарды қарадық, олар президентіміздің реформаларын іске асыруға бағытталған, – деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ ол «Парламент палаталарын біріктіру жоспарланып жатыр ма?» деген сұраққа жауап берді.
Мұндай мәселелер кейде интернет кеңістігінде көтеріліп тұрады. Бірақ, шыны керек, кейбір «сарапшылардың» пікірлерін оқығанда күлкім келеді. Сіздер өздеріңіз көріп отырсыздар – қос палата бірлесіп тиімді жұмыс істеп жатыр. Біз бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Заңдарымыздың сапасы да жақсарып келеді, – деді Сенат спикері.