Қазақстанда салынатын алғашқы АЭС-тің құны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы АЭС-тың болжамды құнын атады.
“Құны техникалық-экономикалық негіздеме негізінде анықталады, вендорлар конкурсқа қатысу аясында индикативті параметрлерін ұсынды. Біз қазір оны нақты айта алмаймыз, өйткені бұл ақпарат үдеріс қатысушыларымен жасалған ресми келісімдермен қорғалған. Бірақ жалпы әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станция кемінде 14 миллиард доллар болады”, – деді Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы.
Айта кетері, елдегі тұңғыш АЭС-тің бас мердігері ретінде «Росатом» таңдалған еді.