Экс-министр Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп жазды Ақорда.

Еске салайық, 8 маусымда Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған болатын. Осыдан кейін кейбір ақпарат құралдарында экс-министрдің қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметті Жақсылықовтың көмекшісі жоққа шығарды.

Руслан Фатихұлы Жақсылықов
– 1966 жылғы 4 наурызда Алматы облысы, Қаскелең қаласында дүниеге келген.

Білімі:

  • 1987 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін тәмамдаған.
  • 1996 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны аяқтаған.
  • 2004 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясы жанындағы Жоғары академиялық курстарды бітірген.
  • Педагогика ғылымдарының кандидаты.