Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясы ресми түрде жабылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті үшінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы қаулы қабылдады.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті. Оның бір айында депутаттар өңірлерді аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдайды.
Үшінші сессия барысында Парламент палаталарының 3 бірлескен отырысы, Сенат пен Мәжілістің 39 жалпы отырысы өтті. Қос палатаның қарауында 158 заң жобасы болды, оның ішінде 89 заң қабылданды
Бүгін сегізінші сайлаған Парламенттің үшінші сессиясының жұмысын аяқтағалы отырмыз. Біз өз өкілеттігіміздің тура бел ортасына келдік. Іс жүзінде бұл - бірлесе атқарып жатқан жұмысымыздың мкаңызды кезеңі, межелі белесі. Шын мәнінде, қазіргі сайланым Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын жүйелі де, дәйекті түрде жүзеге асырып отырған Парламент деуге болады. Осы жылдары депутаттар ұдайы Президент реформаларының алғы шебінен көрінді, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.