Айжан Есмағамбетова жаңа қызметке тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік салаға жауап береді

ОКҚ

Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік сала бойынша жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл қызметке президент әкімшілігінің келісіміне және Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Айжан Есмағамбетова тағайындалды.

Айжан Серікбайқызы 1972 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Санитария, гигиена және эпидемиология», 2005 жылы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» және 2008 жылы Almaty Management University-ін «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасында фельдшер-зертханашы болып бастаған.

2017 жылдың қарашасы – 2020 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры;

2020 жылдың 20 наурызынан - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері; 

2022 жылдың ақпанынан 2024 жылдың шілдесіне дейін  денсаулық сақтау вице-министрі және Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері қызметін атқарған.