Ол Дональд Трампқа «адам өмірін сақтап қалуға және бұл соғысты тоқтатуға тырысқаны үшін» алғыс білдірді.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге ультиматум қойғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ақ үйдің нақты ұстанымы мен батыл шешімі дәл уақытында айтылды – дәл қазір шынайы бейбітшілікке күш арқылы қол жеткізу мүмкін болып отыр, – деді Зеленский әлеуметтік желідегі жазбасында.
Ол Дональд Трампқа «адам өмірін сақтап қалуға және бұл соғысты тоқтатуға тырысқаны үшін» алғыс білдірді.
Украина бейбітшілік жолынан айнымайды және АҚШ-пен бірлесе отырып, қос елдің де қауіпсіз, қуатты әрі өркендей түсуі үшін тынымсыз жұмыс істей береді, – деп түйіндеді Зеленский.
Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп Ресейге Украинадағы соғысты реттеуге 10-12 күн уақыт беретінін мәлімдеген болатын. Ол бастапқыда 50 күн мерзім белгілегенін, бірақ енді «сонша уақыт күтудің қажеті жоқ» екенін айтқан.
Сонымен қатар Трамп егер белгіленген мерзім ішінде келісімге келу мүмкін болмаса, Ресейге қарсы қатаң экономикалық шаралар қабылданатынын ескерткен.
Мен Ресейдің әрекетінен көңілім қалып отыр. Егер 50 күн ішінде келісімге келмесек, қатаң кедендік баж салығын енгіземіз. Бұған барғымыз келмейді, әрине. Бірақ әзірге бос әңгімелер ғана естіп отырмыз, – деді АҚШ президенті.