Путин Ресей Украинамен соғысты тоқтату туралы келіссөздерді Еуропалық қауіпсіздік контексінде қарастыру қажет деп есептейді.
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен соғысты аяқтаудың шарттарын атады. Ол бұл шарттардың 2024 жылдың жазында айтылған Ресейдің мақсаттары екенін және өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді.
Бұл шарт емес, нақты мақсаттар. Маған дейін 'Ресей не қалайды?' деген сұрақтар қойылып жүрді. 2024 жылғы маусымда Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесуде бұл мақсаттарды нақты тұжырымдап айттым, – деді Путин.
Оның айтуынша, қақтығысты шешудің басты шарты – дағдарыстың туындауына себеп болған мәселелерді жою.
Бұл — ең бастысы. Сонымен қатар, гуманитарлық және қауіпсіздік мәселелері де маңызды. Ресейдің де, Украинаның да қауіпсіздігі — кең мағынадағы ортақ мәселе, – деді ол.
Путин Ресей Украинамен соғысты тоқтату туралы келіссөздерді Еуропалық қауіпсіздік контексінде қарастыру қажет деп есептейді.
Украин делегациясы тарапынан 'Ресей мен Украинаның қауіпсіздігін бүкіл Еуропаның қауіпсіздігімен байланыстырып қарауға болады' деген ой айтылды. Жалпы, бұл дұрыс бағыт деп есептейміз, – деді Ресей президенті.
Сөз соңында ол уақытша емес, тұрақты және ұзақмерзімді бейбіт келісім қажет екенін атап өтті.