Украинадағы соғысты талқылаған: Путин Тоқаевқа қоңырау шалды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл жолы Тоқаевқа Путиннің өзі қоңырау шалған

Ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалып, Украинадағы дағдарысты реттеу жөніндегі Вашиңтонмен жүргізіліп жатқан диалог барысын баяндаған.

Әңгіме барысында АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен жақында өткен кездесудің негізгі қорытындылары да сөз болған. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдіріп, қақтығысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған қадамдарды құптады, – дейді Кремль.

Сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Әсіресе өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, өнеркәсіп пен энергетика салаларындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру сынды практикалық бағыттарға ерекше назар аударылды. Жыл соңына дейін жоспарланған жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шараларға дайындық барысы да назардан тыс қалмаған.