Оқ тиіп жараланған Руслан Берденов қызметінен кетті

Qaz365.kz редакциясы
Мәжіліс

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін 25 тамызда Руслан Берденов қызметінен кетті. Еске салайық, ол орынбасар болып 2025 жылдың 24 ақпанында тағайындалған.

Ал 21 сәуірде Шымкентте Берденовті әкімдік жанында атып кеткен еді. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалды. Қастандық жасаған Ернар Жиенбай 9 жылға сотталды.

Берденовтің орнына Қазақстан Президенті әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Арман Сәбитұлы тағайындалды.